Шымкенттік қоғамдық белсенді Жанна Тулендиева өзінің фейсбук парақшасында осылай деп жазды.
Әлеуметтік желілерде үнемі мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғындарға оңай баспана алудың жолдарын түсіндіріп жүрген белсендінің айтуынша бұл оқиға 3 наурыз күні орын алған.
”Сенбі күні тұрын үй құрылыс жинақ банкінің қауіпсіздік қызметкерлері, түскі асқа кетіп бара жатқан 20 жасар (хатшы) өрімдей қызды «кофе алып келіп берші», — деген сылтаумен өз кабинетіне алдап шақырған. Ғимаратта адам жоқтығын пайдаланып, есікті ішінен құлыптап, оған қоқан-лоққы көрсетіп, психологиялық қысым жасап, банк басшылығына қарсы арыз жаздырып алған”, — дейді қоғамдық белсенді.
Пост фейсбук желісінде жариялана салысымен қоғамдық пікір тудырған. Біреулер, жас қызды қорқытып, үркіткен азаматқа деген өкпе-реніштерін білдірсе, кейбіреулері, қызметтік құқығын жеке бас пайдасы үшін асыра пайдаланғандарды заңдық жауапкершілікке тарту керек деп пікір қалдырған.
Бұл ақпарат туралы толық мәліметті Жанна Тулендиеваның facebook парақшасынан оқи аласыздар!