ОЛАР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН АЛҒАШ БОЛЫП ҮЙРЕНДІ

Adym.kz: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымы қазақ әліпбиінің латынға негізделген жаңа нұсқасын жаппай үйренуге кірісті. Бүгін музей ұжымы алғашқы латын әліпбиімен танысу сабағын өткізді.
Тіл жанашыры мәдениет қайраткері Әбдікерім Манаповтың ұстаздық етуімен өткен жаңа сабақта  латын əліпбиі жөнінде мағлұматтар беріліп, алфавиттің жазылу және оқылуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Еске салар болсақ, ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ 19 ақпандағы Жарлығымен Латын әліпбиінің нұсқасына өзгеріс енгізілген болатын.