«Елімізге емдік шипажайларымен танымал Сарыағаш өңірі (ауданы) Сарыағаш, Келес болып екі ауданға бөлінеді. Ал, 304 442 тұрғыны бар мақталы Мақтаарал ауданы Жетісай, Асық ата, Мақтаарал болып үш ауданға бөлінеді. Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында аталған мәселелер жөнінде шешім шығарылды», — деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Қысшаса дерек:
Сарыағаш ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылдары Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың км². Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталық – Сарыағаш қаласы. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 326 мыңнан астам халық тұрады. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда.Мақтаарал ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5 пайыз). Тұрғыны 304 442 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Жетісай қаласы.
Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы — Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі.