Еске салайық, бүгін, 9 ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тамара Дүйсеноваға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесіне қатысты сын айтқан болатын.
«Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?», — деген еді Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.
Жаңа тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бұған дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары стратегиялық жоспарлау агенттігінде, премьер-министр кеңсесінде, президент әкімшілігінде еңбек етті. Экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды.
40 жастағы Әбілқасымова 2014 жылдың тамызынан бүгінге дейін ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет еткен.