Өрттің шығу себептері қандай? тыйым салынған жерлерде от жағып,шылым шегуден; электр желілері мен қондырғыларының ақауларынан; электр жүйелерінің нормадан артық күш түсіп,сымдардың,қондырғылардың қатты қызуынан; тез жанатын сұйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан; жылу жүйелерін,пештерді дұрыс пайдаланбаудан; тракторларды,комбайндарды өртке қауіпті жерлерде пайдаланудан; адамдардың жауапсыздығынан,ұмытшақтығынан,жеңіл мінезділігінен; найзағайдан,кейде өздігінен жануы мүмкін; Жану дегеніміз-жанатын заттың оттегімен,жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы.
Егер ауаның құрамында 0,7%-ға дейін бензиннің буы болса,ондай қоспа жанбайды.0,7-ден 5,03%-ға дейін бензиннің буы болса,ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03%-дан жоғары болғанда кәдімгідей жалындап жанады. Сондай-ақ,ауаның құрамындағы оттегі 14-16%-ға дейін азайғанда жану тоқтайды,ал оттегі 8-10%-ға түскенде шоқ сөнеді. Кейбір заттар күннің ыстығынан,әйтпесе өзінің ішкі үдерістерінің әсерінен өздігінен от алуы (жануы) мүмкін.Олар: шымтезек (торф),көмір,түрлі майлар,майланған шүберектер,т.с.с. Керосиннің өздігінен жану температурасы 380-425о, басқа жанармайларда 300-700о аралығында,қатты отындарда 4150-700о C,газдың жану температурасы 200-600оС. Өндірісте пайдаланылатын заттарды олардың жану қабілетіне қарай үш топқа бөлуге болады:жанатын заттар,жанбайтын заттар,жануы қиын заттар. Құрлыстың салынған материалына байланысты,оның отқа төзімділігі де әр түрлі болады.Құрлыстарды отқа төзімділігіне қарай бес топқа бөледі:
I және II тобы-отқа жанбайтын материалдан жасалған құрылыстар. III тобы-отқа жанбайтын материалдан жасалады.Бірақ плиталардың,қабырғалардың,төбенің арасын қосқан жері қиын жанатын материалдан жасалады. IV тобы-қабырғалары қиын жанатын материалдардан,ал арасын қосқан жерлері жанғыш материалдардан жасалады.V тобы-толығынан отқа жанатын материалдардан жасалған үйлер. құрылыстарды – оның ішінде және сыртында атқарылатын жұмыстардың өртке қауіптілігіне қарай таңдайды.
Құрылыс салғандағы өрт қауіпсіздігінің басты талабы үйлер мен ғимараттардың салынатын материалдарының отқа төзімділігіне қарай арақашықтығын сақтау болып табылады.Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттардың,мал қораларының,құс өсіретін объектілердің өртке қарсы арақашықтықтары: отқа төзімділігі III дәрежедегі үйлер үшін – 12 м; III және IV дәрежедегі үйлер үшін – 15 м; IV және V дәрежедегі үйлер үшін 18 метр болуы тиіс. Шөп,сабан жиналған ашық қоймадан отқа төзімділігіне қарай III дәрежедегі үйлердің қашықтығы 39 м, IV және V дәрежедегі үйлерден қашықтығы 48 м орналастырылады. Сұйық жанармай сақтайтын ыдыстардан отқа төзімділігі III дәрежелі құрылыстар кем дегенде 12-20 м,IV және V дәрежедегі құрылыстар 15-25 м, ауруханалар,мектептер,мәдениет үйлері 25-50 м қашықтыққа орналасуы тиіс. 5000 адамға дейін тұрғындары бар елді мекенде сыйымдылығы 50 м3 суат,10000 адамға дейінболса сыйымдылығы 100 м3 суат жасалып қойылуы тиіс.
Ауылшаруашылық машиналарды сақтайтын сарайлар мен ықтырмалар,гараждар,шеберханалар және техникалық қызмет көрсету бекеттері бөлек аулаға орналастырылады. Техникаларды 200 машинадан топтастырып,әр топтың арақашықтығын 20 м етіп ашық аулаларда сақтауға болады. Мұндай жағдайда машиналарды жеке-жеке алып шығуға мүмкін болатындай етіп орналастыру қажет.Техника сақталатын ашық аула үйлерден 15-20 м қашықтықта болуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерііі сақтайтын қоймалардың өртке қауіпсіздігіне ерекше талап қойылады.Шөп елді мекеннен қашық жерге маялануы,оның ауданы 150 м2 аспауы және ол электр желілерінің астына орналастырылмауы тиіс. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің де өрт және қопарылыс қауіптілігі бар.Сондықтан оларды сақтау мен пайдалануда белгіленген нормаларды сақтау қажет.Оларды сақтайтын қоймалардың ауданы 300 м2 аспауы тиіс және ол бөлмелердің екі қапталына да шығатын есік салынады. Пестицидтер салынған ыдыстардың сыртына «от қауіпті!» немесе «қопарылысқа қауіпті!» деген жазулар жазылады.
Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады. Ұйымдастыру шаралары: тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; көрнекі үгітпен насихаттау; ерікті өрт сөндірушілерін жасақтау; ашық от жағыуға, темекі шегуге, жарамсыз пештерді пайдалануға, т.с.с. тыйым салу жұмыстары жатады. Барлық жұмыс істейтіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, қоймашылар арнайы курстарда оқудан өткізілуі тиіс. Техникалық шараларға; құрылыстарды өртке төзімді материалдардан салу; құрылыстардың талапқа сай арақашықтығын сақтау; қыстақтарды суға жақын жерге орналастыру; барлық құрылыстарда өрт кезінде кететіндей арнайы есіктер болуы тиіс және олар сыртқа қарай ашылатын болуы қажет; пештер, қыздырғыш, құбыр желілері талапқа сай болуы тиіс; су жүретін қатып қалғанда оларды ыстық сумен, болмаса ыстық құммен еріту қажет; қоймалар, жанармай сақтайтын жерлер, егістіктер айналдыра соқамен жыртылып қойылуы тиіс; тракторлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс; электр жүйелерінде жерге тұйықтау, нөлдік сымға қосу істері жасалуы тиіс; шөпті, астықты кептіргенде желдеткіш айдайтын ауаның температурасы 110-120°С-тан аспауы қажет; от сөндіргіш, күрек, құм салған жәшік, киіз болуы тиіс; жайтартқыштар жасалуы қажет.
Жануды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар. Жануды тоқтатудың үш жолы бар: Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып,басқа жаққа алып кету; Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту; Жанып жатқан затты салқындату. Отты сөндіру үшін өрт сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар:су,көбік,көмір қышқылы,инертті газдар,құм,ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар:брезент,киіз,асбест. Су – өрт сөндіру үшін көп қолданатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп,тұншықтырады.Сондай-ақ , су жанып жатқан затты салқындатып,отты сөндіреді.Су отқа тигенде буға айналып,ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді,сөйтіп жануды тоқтатады. Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды.Ол ток өткізгіш,ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп,қопарылыс пайда етеді. Сондай-ақ,су кальций карбидне тигенде ацетилен бөлінеді,әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін.
Судың салмағы жанармайдан ауыр.Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін.Су төмен температурада қатып қалады. Көбік – жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады.Қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар-жағрмайларды сөндіру үшін пайдаланады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей,сөндіреді. Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тогы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек (киіз, брезент, асбест).
Көмірқышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Олток өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған қоса, көмірқышқыл газының қар сияқты массасы -72°С температурасымен отты салқындатады. Олауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады. Көмірқышқыл газымен этилді, спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатусыз жанады. Отты сөндіруге, сондай-ақ инертті газды, өрт сөндіргіш ұнтақтарды пайдаланады.
Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады. Өрт сөндіргіш құралдар. Өрт сөндіру үшін түрлі техникалық құралдарды пайдаланады.Олар жарамды күйде болуы тиіс.