Құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, қауіпсіздік сезімін ояту мақсатында үнемі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырады.
17 маусымда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында аудандық ТЖБ және №2 МӨСБ қызметкерлері №21 мектеп жанындағы жазғы балалар лагерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндірді. Су айдындары жағалауында ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтынын қатаң ескертті.
Балалар өрт сөндіру автокөлігінің түрлерімен, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдермен танысып, көліктерге мініп, ерекше әсер алды. Балалар құтқарушыларға танымдық кездесу үшін алғыстарын білдірді. Құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндірді. Су айдындары жағалауында ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтынын айтты.