#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Жұмыс күйзеліске толы»: Өрт сөндірушілер қалай жұмыс істейді

Парижде сәуір айында Нотрдам шіркеуін шарпыған өрт бүкіл дүние жүзін өзіне қаратты. Тарихы тоғыз ғасырға созылған ғибадатхананы дамыған алпауыт ел әрең аман алып қалғанда, алматылық тарихи ғимараттар мен биік мұнаралар өрт шыққан жағдайда тілсіз жауға төтеп бере ала ма, техникалық қауқары қандай деген заңды сауалдар туындады. Stan.kz тілшісі күн сайын өмірін қауіпке тігіп, қызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілермен сұхбаттасып, қазақстандық Өрт сөндіру қызметінің хал-жағдайымен танысып қайтты. 

Алматыда 18 өрт сөндіру бөлімі бар, оның ішінде мамандандырылған жасақ, 2 өрт сөндіру бекеті, 9 өрт сөндіру бөлімі, 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі кіреді. Шамамен 1200-жуық өрт сөндірушелір еңбек етеді. Олардың барлығы да Кəсіби даярлық мектебінде алдын-ала дайындықтан өтеді.

Алматы қаласының № 8 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысының орынбасары, аға-лейтенант Мейрамбек Құлназаров, «Айбын» орденінің иегері, 2002 жылдан бері өрт сөндіруші қызметінде. 17 жылдық еңбек өтілі бар қызметкер алғаш жұмысқа қалай келгендігі жайлы былай дейді:

Әскерден қайтып келген соң, бір жыл ауылда басқа жұмыстармен айналыстым. Одан кейін мемлекеттік қызмет істеу керек болды. Алматыға құқық қорғау қызметкері болып жұмысқа тұру үшін құжаттар жинай бастадым. Бірақ осы қызметтегі ағаларым бұл жұмыстың қиыншылығы мен ауыртпалығын айтып қарсы болды. Содан жиналған құжаттарды өрт сөндіру бөлімінде бос орындарға маман іздеп жатқанын естіп, сонда өткізіп жұмысқа кірдім.

«Айбын» ордені сізге қалай келді?

2017 жылдың қыс айы болатын. Алмалы ауданына қарасты ғимараттың вулканизациясы жанып, сонда бардық. Айнала қара түтін болып көрінбей кеткен. Бұл ғимараттың бірінші қабатында вулканизация, екінші қабаты администрация, үшінші қабатында адамдар пәтер жалдап тұрады екен. Біз барып өртті сөндіріп жатқанда, будақтаған қара түтіннен адамдар төменге түсе алмай, терезеден бастарын шығарып тұр. Сол кезде арнайы құрал-жабдықтарды киіп, жеделсатыны қойып, үйдің ішінде болған барлық адамды шығарып алдық. Жалпы саны 30 адам болды. Соны ескерген басшылық мені орденге ұсынып, ІІ дәрежелі «Айбын» орденін Елбасының қолынан алғаным бар.

Адамның өмірін сақтап қалу сіздің қолыңызда болғанда, өз өміріңді ұмытуға тура келеді, қиын шығар?

Ол жерде өртпен алысам деп қиналмайсың, адамның өмірін құтқара алмай қаламын ба деп қорқасың. Құтқаруға үлгеремін ба, үлгермеймін ба деген қиындықпен барамыз. Су бар жерде өрттен неге қорқуымыз керек? Ең қорқыныштысы, адамдарды құтқаруға үлгермей қалу. Үрейге бой алдырмас үшін бізді психологиялық жағынан қатты дайындайды. 45 алғашқы дайындық мектептерінен өтеміз. Келіп жатқан жас сарбаздарды келген бойда өртке алып бармаймыз. Бір жыл бойы түтінге калай шыдау керек, калай шығу керек бәрін үйретеміз. Өрт сөндіруге барған жағдайдың өзінде өртке жалғыз жібере алмаймыз. Қадағалауымызда болады.

Алматы қаласындағы «Есентай» , «Қазақстан» қонақ үйі сынды биік ғимараттарда болуы мүмкін төтенше жағдайларға қаншалықты дайынсыздар?  Жаттығу жұмыстарын жүргізесіздер ма?

Иә, дайынбыз. Ірі ғимараттардың өзіне барып, ішінде жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Көбінесе түнде, адамдар жоқ кезде өткізіледі. Тактикалық дайындықтар болып тұрады. Бұл жаттығулар үш ай сайын өткізіледі.

Алматы қаласындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің қызыл жалынға оранған аумақтың көлеміне қарамастан оны ауыздықтауға қауқары жете ма?

Алматы қаласындағы өрт сөндіру бөлімшелеріндегі техниканың қауқары да, күші де, адам саны да жеткілікті.

Өрт сөндірушілерге мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат жетеді ма? Техникаларыңыз қаншалықты заманауи ? 

Алматы үлкен шаһар болған соң, Астана қаласынан кем емеспіз. Барлық жағдай жасалған. Бізде техниканың барлығы жеткілікті. Ең биік ғимараттарға арналған «Бронто» авто көлігі бар. Бұл көлік Қазақстан бойынша осы Алматы мен Астанада ғана бар.

Өрт сөндіру саласындағы ең замануи техниканың бірі — 92 метрге дейін көтеріле алатын «Бронто» арнайы көлігі

Әуеден өрт сөндіруге жағдай жасалған ба? 

Иә, әуе күші бар. Алматыдағы үлкен базар жанған кезде де әуе күштері көмектесті. Жоғарыдан су бүркіп өшіріп, өртті ауыздықтауға көмекке келді. Әсіресе, әуе күштері тау жақта өрт шығатын болса, қатты қажет болады. Өйткені, 5 тонна суы бар үлкен машиналардың жоғарыға шыға қоюы өте баяу болады.

Өрт сөндірушілердің алдында өртті дер кезінде өшіруден бұрын сол оқиға орнына дер кезінде бару деген миссия тұрады…

Қоңырау түскен соң өрт сөндірушілер 1 минутта киініп, машинаны қыздырып, бөлімшеден 3 минуттың ішінде шығып кетеді. Бұл жердегі басты қиындық Алматыдағы жол кептелісі. Оның үстіне жүргіншілер жол бермейді. Уақытында жетуге сол да кедергі.

Күн сайын өмірін қауіпке қойып жұмыс істегенде өрт сөндірушілерге қаншалықты жағдай жасалған? 

Өрт сөндірушілерге мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Ай сайынғы тұрақты айлығынан бөлек, президентіміз мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеріп жатыр. Тұрғын үй алу кезінде кезекке тұруға да көмектеседі. 45 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік қарастырылған. Өйткені, жұмыс күйзеліске толы. Бір тәулік істеп, үш тәулік демалғаныңмен, жұмыс барысында бүгін не болып қалады екен деген ауыр оймен жүрміз.

Соңғы жаңалықтар