#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мемлекеттік еңбек инспекторлар ұжымдық еңбек келісімшарты негізінде жұмыскердің құқығын қорғады

Ол ҚР Еңбек кодексінің 163 бабында қарастырылған. Мәселе Ұжымдық еңбек келісімшарты негізінде қарастырылады. Бұл жерде татуластыру комиссиясы құрылып, тараптардың іс-әрекеттерін тексеру, қарастыру, татуластыру үшін жұмыс жасалады. Одан бөлек, Еңбек кодексінің 166 бабына сәйкес, "Еңбек төрелігі" деген ұғым бар. Яғни, ұжымдық еңбек дауын сотқа дейін реттеу.

– Осы кодекстің 167 бабы бойынша Ұжымдық еңбек дауын қараудың кез-келген сатысында тараптар делдалға жүгiне алады. Ұжымдық еңбек дауларын делдалдың қатысуымен қарау тәртiбiн дауласушы тараптармен келiсiм бойынша делдал белгiлейдi, – дейді Нұра Өтебаева. – Егер еңбек дауын бiтiстiру рәсiмдерiнің көмегiмен шешу мүмкiн болмаса, ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдануы мүмкiн. Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға ешкiмдi мәжбүрлеуге болмайды.
Еңбек шартын жұмыс беруші бұзса…
ҚР Еңбек кодексінің 53 бабына сәйкес еңбек келісімшарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылса, ол жұмыскерге бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

–Еңбек кодексінің 131 бабына сәйкес, егер еңбек шартын жұмыс беруші бұзса, бір айлық орташа жалақы көлемінде жұмысынан айырылу себебіне байланысты өтемақы төленуі тиіс деп айтылған. Қысқарту да осы категорияға жатады, –дейді Нұра Өтебаева.
Шетелдіктер шеттетілмейді, бірақ кейбір лауазымға ие бола алмайды
Шет ел азаматтарының құқықтарына келер болсақ, ҚР Ата Заңының 12 бабына сәйкес, шет ел азаматтары ҚР аумағында ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне теңдей ие болады деп айтылған. Яғни оларға ұлттық құқықтық режим беріледі.
ҚР шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы заңының алтыншы бабына сәйкес, шет ел азаматтарының еңбекке қатысты құқықтары қарастырылған. Ол жерде ҚР заңнамалары мен халықаралық келісімшарттармен реттеледі делінген.
Шетел азаматтарының құқықтарын қорғау туралы заңның алтыншы бабына сәйкес, шет ел азаматтары біздің елімізде кейбір лауазымдарды атқара алмайды. Яғни, ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңның бірінші бабының екінші тармағына сәйкес шет ел азаматтары мемлекеттік қызметке тұра алмайды.
Сонымен қатар, ҚР мен Ресей федерациясы арасындағы азаматтардың мәртебесі туралы келісімшарттың төртінші бабының екінші тармақшасына сәйкес шет ел азаматтары дауыс бермейтіндігі, дипломатиялық өкілдікте не болмаса мемлекеттік жүйедегі жергілікті атқару органдарында жұмыс істей алмайтындығы туралы келісімшарттарда айтылған.
Олармен келісімшарт жасауға болмайды
Еңбек кодексінің 26 бабының бірінші тармағындағы 4, 5, 6 тармақшаларына сәйкес, қандай шетелдіктермен келісімшарт жасауға болмайтыны жөнінде айтылып, белгілі категориялары көрсетілген.
– ҚР аумағына уақытша келген, жергілікті атқарушы органдардан еңбек саласында рұқсат алмаған азаматтармен келісімшарт жасауға тыйым салынған. Шет ел студенттері мен тағылымгер, тағылымдамадан өтуші (стажер) ҚР аумағында уақытша келіп, тиісті құжаттарды не белгілі бір оқу орнында оқитыны туралы анықтама тапсырмаған жағдайда, не болмаса ҚР аумағына уақытша келген шет ел азаматтарының ҚР аумағына кіретін құжаттары талапқа сай болмаса, не мүлдем жоқ болса еңбек саласында келісімшарт жасауға тыйым салынған, – дейді Нұра Өтебаева.
Бас келісімнің басты бағдары – лайықты еңбек шарттарын құру
31 қаңтарда әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия отырысында Бас келісімге қол қойылған болатын. Бұл келісім – әлеуметтік әріптестердің, яғни, мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы өзара қабылданған міндеттемелерді бекітетін құжат болып табылады. Яғни, үлкен тұжырымдамалық бағыттарды белгілейді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бұл – билік пен жұмыс берушілердің диалогқа ашықтығының, әлеуметтік-еңбек саласындағы күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге дайындығының белгісі.
Бас келісім үш жылға бекітіледі. 2018-2020 жылдарға бекітілген келісімнің ерекшелігі елімізде соңғы қабылданған маңызды бағдарламалық құжаттарға негізделген.
Келісім қарапайым еңбек адамына не береді?
– Мәселен, еліміздің сандық экономикаға көшуі, өндірістік процестердің автоматтандырылуы, роботтандырылуы еңбек нарығына міндетті түрде әсер етеді. Атап айтқанда, жұмыс орындарының қысқаруы секілді мәселелер туындайды, дейді Біржан Нұрымбетов.
– Сондықтан, бүгінгі Бас келісім болашақта жұмыссыз қалуы мүмкін азаматтардың да мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Яғни, біз жұмыс орындары қысқаруы мүмкін деген кәсіпорындарды анықтау мақсатында еңбек ресурстарының ағымы жөнінде Жол картасын әзірлеуге белсенді атсалысамыз. Жұмыссыз қалған азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқытып, ертеңгі күні оларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылады. Ал, біз, кәсіподақтар осы Жол картасының жүзеге асырылуына бақылау жүргізетін боламыз, – дейді Біржан Нұрымбетов.
Кәсіподақ алдында тұрған тағы бір үлкен мәселе…
– Еңбек нарығында бейресми жұмыс істеп жүрген адам көп. Мысалы, өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әкімшіліктермен бірге жүргізген сараптамалық сауалнамасы барысында елімізде жұмыс істеп жүрген 1 миллион 32 мың адамның міндетті зейнетақы жарналарын төлемейтіндігі анықталды. Яғни, ол кісілер еңбек шарттарын бекітпеген, – дейді Біржан Нұрымбетов.
Бейресми жұмыс істеп жүрген адамдардың құқығын кім қорғайды?
– Кәсіподақтар осы бағытты назарда ұстап, арнайы Жол картасын әзірледі, – дейді Біржан Нұрымбетов. – Және де әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, шағын және орта бизнестегі еңбек шарттары жоқ азаматтармен, ұйымдармен еңбек шарттарын әзірлеу, үлкен мониторинг жүргізу секілді үлкен мақсат қойып отырмыз. Еңбек заңдылығының бұзылуына жол бермеу үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шаралар қолданылады. Ең басты кезекте еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген азаматтарға көңіл бөлеміз.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, соңғы жылдағы оң динамикаға қарамастан, жазатайым оқиғалар да болып жатады. Сондықтан да, әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, әр кәсіпорындарда кәсіптік қатерлердің алдын-алуға негізделген жүйені енгізуіміз керек.
– 2016 жылы күшіне енген Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты «Өндірістік кеңес» түсінігі келтірілген. Әр кәсіпорында паритеттік негізде «Өндірістік кеңес» құрылып, кәсіподақ, кәсіпорын тарапынан өкілдер тағайындалады. Бұл кеңес осы кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларының орындалуына бақылау жүргізеді. Өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші тарапынан орындалуға міндетті. Қазіргі таңда кәсіподақтардың ұсынысы бойынша техникалық инспекторлар жұмыс атқарады, – дейді Біржан Нұрымбетов.
Еңбек инспекторының ай сайын тексеруге мүмкіндігі болуы үшін өндірістік кеңестерді жандандыру керек. Яғни, бүгінгі таңда республика бойынша 12 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылса, соның 90%-ға жуығы бюджеттік мекемелер болып табылады. Ал, ірі өндірістік кәсіпорындардың еңбек шарттарымен қамтылуы 10% жетпейді. Осы орайда Кәсіподақ федерациясы 2018 жылды – Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы деп жариялауды жоспарлап отыр.
Елімізде жалақыдан 2 миллиард теңгеге жуық берешек бар
– Бүгінде жалақы бойынша берешек – үлкен мәселе ретінде бақылауда тұр, – дейді Біржан Нұрымбетов. Айтуынша, бұл орайда әлеуметтік әріптестер бірлесіп, құқық қорғау органдарымен бірге әр өңірде арнайы штабтар құрған.
Осы штабтар кез-келген ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді ескере отырып, туындаған мәселелерді шешу бағытында жұмыстарын жүргізеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елімізде жалақы бойынша 2 миллиардқа жуық берешек бар.
«Жұмыс берушіні Астанаға шақырып, мәселені шешеміз»
– Жалақының төленбеуінің алдын-алу мақсатында кәсіподақтар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен алгоритм жасап жатыр. Осы заңбұзушылыққа қатысты жедел ақпаратты алғаннан кейін кәсіподақ пен еңбек инспекцияның өкілдері сол мекемеге барып, мәселенің себебін анықтайды. Әрі қарай жұмыс берушімен келіссөз жүргізіледі. Және де жергілікті деңгейде мәселе шешілмеген жағдайда кәсіпорын басшылығын Астанаға шақырып, шешу жолдары қарастырылады. Осыған орай алдағы уақытта Федерация, еңбек инспециясының өкілі өңірлердегі кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасауды көздеп отыр, – дейді Біржан Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар