Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту бағытында бірқатар жұмыстар атқаралыпы келеді. Солардың негізгісі – Жастар практикасы.
Ауыл жастарын қолдау назардан тыс қалмақ емес Қазір Жастар ресурстық орталығында жастардың салкауытты өмір салтын қалыптастыру бағытында бірқатар бастамалар қолға алынған.
Жастар практикасымен жұмысқа жолдама алғандардың басым бөлігі мектеп пен ауруханада. Солардың бірі – Жұлдыз Анарова. Ордабасы ауданының тумасы қалада білім алған соң, ауылдағы жұмыспен қамту орталығы арқылы практикадан өтуге ауруханаға жолдама алған. Қазір осы жерде мейірбикелік қызметпен айналысып жүргеніне 5 айға жуықтаған.
Мамандыққа деген қызығушылық пен табанды еңбектің арқасында Жұлдыз Ұжымға сіңісіп үлгерген. Қазір ол қатардағы мейірбикелермен иық тіресе жұмыс істей алады.
Жастар практикасымен аудандық ауруханада 26 маман жұмыс істеп жүр. Олар терапия, жан сақтау, перзентхана бөлімдері мен емханада еңбек етуде. Тіпті 1 жылдық тәжірибелері аяқталып, жұмысқа орналасуға дайын жүргендері де бар.
Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітіргендерді мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу. Еңбек етуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бұл бағытта ордабасылық жастардың белсенділігі жоғары.