#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жастардың жұмыспен қамтылуына назар аударылды

Бос жүрген жастардың жұмысқа орналасу, әсіресе NEET категория­сына жататын жастардың қамқорлықсыз қалмау мәсе­­лесіне назар аударды.

Солтүстік Қазақ­стан об­лысына Ақпа­рат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Ко­четов жұмыс сапары­мен келіп, С.Мұ­қа­нов атындағы облыс­тық кі­­тап­ханада тұр­ғын­дар­мен кез­десті.

Өзінің сөзінде Е.Кочетов мемлекеттің жастар саясатына тоқталды. Бос жүрген жастардың жұмысқа орналасу, әсіресе NEET категория­сына жататын жастардың қамқорлықсыз қалмау мәсе­­лесіне назар аударды. «Сол­түстік Қазақстан облысы мау­сымдық жұмыстар кезінде жұмыс қолына зәру болатынын білеміз. Әсіресе, осындай кездерде жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтамасыз ету керек», деді ол.

Жастар еліміздің болашағы, оларды Отанымыздың барлық саласының дамуына атсалысуын ұйымдастыру жастар ұйымдарының, жергілікті биліктің жастар ісі жөніндегі бөлімдерінің күнделікті мін­деті болуы керек деген ол Сол­түстік Қазақстандағы во­лон­терлік қозғалыстың дамуын қанағатпен атап өтті. «Бүгінгі таңда облыста 30 мың­ға тарта жас азамат осы қозғалысқа белсене қатысады. Бұл халық санағына шаққанда республикадағы алдыңғы қа­тарлардың бірі. Бұл жұ­мысты одан әрі жандандыра беру керек», деді вице-министр.

Бұдан кейін Е.Кочетов жи­налғандардың сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде Кәсіпкерлер палатасының жа­­нындағы Іскер әйелдер ке­ңесінің мүшесі Гүлмира Жыл­қыбаева отбасыларын қол­дау орталықтарының жұ­мысын жандандыру мә­селесіне назар аударды. «Осы орталықтардың жұмы­сы қаншалықты тиімді? Біз­дің елімізде отбасылық зор­лықтар, жұптардың айырылысуы күннен-күнге артып келе жатқанын көріп отырмыз. Демек орталықтың жұ­мысы көрінбей отырған сияқты», деді ол. Оған Е.Ко­четов «БҰҰ-Әйелдер» деген халықаралық ұйым бар екенін айтып, осы ұйымның көмегімен қазір түрлі орталықтардың жұмысын же­тілдіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Қазір Қазақстанда отбасын қолдау бойынша 68 орталық бар екен, ал 2025 жылы оның санын 143 жеткізу жоспарланыпты.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Е.Кочетов Петропавл қала­сының ірге­сіндегі Аққайың ауда­ны­ның орталығы Смир­ново ауы­лында да болып, онда рес­публикалық «Tulga bol» жәр­меңкесінің жұмысымен та­нысты. Сонымен бірге ол жер­гілікті басшылар және ма­мандармен сұхбат құрып, осы ауданның жас кадрларды, жұмыссыз жастарды жұмыс­пен қамту әлеуетін анықтады. Аудан әкімі Рүстем Елубаев: «біздің ауданда жаңадан 4 тауарлы-сүт фермасы ашылды, жылына 5 мың тонна құс етін дайындай алатын құс фабрикасын аштық, осы кә­сіпорындарда жаңадан 200-ден артық жұмыс орындары ашылды. Сондықтан біз жастардың, соның ішінде ма­ман­дардың жұмысқа тұруы­на жағдай жасап отыр­мыз. Жұмыс істеймін деп келген жас­тарға әлеуметтік жағдай­ларды да қарастырдық», деді.

Соңғы жаңалықтар