#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Ауылдықтар» Еңбек адамына ерекше құрмет көрсетті

«Ауыл» партиясынан Абай облысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар облыс орталығы Семей қаласында «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Еңбек адамына құрмет2006 жылы құрылған «СемАЗ» серіктестігі Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен коммерциялық жүк техникасының отандық өндірушісі. Бүгінде кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді. «Ауыл» партиясынан түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттармен кездесуге партия белсенділерімен қатар жүзге жуық жұмысшы қатысты. Жергілікті мәслихаттарға кандидаттар жиынға қатысушыларға «Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Ауыл» партиясы елді аграрлы-индустриялы державаға айналдыруды көздейді. «СемАЗ» сияқты отандық зауыттардың пайда болуы, техникаларды жинастыруды қолға алуы жақын болашақта өз техникамыздың пайда болуының алғышарты. «СемАЗ» кәсіпорны көпке үлгі. Зауытта еңбек адамы, оның ішінде қоғам қозғаушысы – жұмысшылар табысты еңбек етіп жүр. Біз еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге қол жеткізу үшін күресеміз», деді жиналғандар алдында сөз алған «Ауыл» партиясынан жергілікті мәслихатқа кандидат Серік Байғалиев.

Жиын барысында кандидаттар жұмыс­шы­лар сауалына жауап беріп, ұсыныстарын тың­дады. Кандидаттар «Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге күш салатынын айтты. «Ауыл» партиясының ауылдықтарға ғана емес, қалалықтарға да ұсынатын көптеген бағыты бар екенін атап өтті.

«Қуатты ауыл – елдің сенімді тірегі. Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды ығыстыруға бар күшімізді саламыз. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындатамыз. Партия әкімдер мен мәслихат депутаттарының халық алдындағы дербес жауапкершілігін күшейтеді. Ол үшін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманы түбегейлі қайта қарайды. Олар халық алдындағы міндеттерін орындамаған жағдайда ең қатаң жазалау шараларын қолдануға қол жеткізеді», деді кандидаттар.

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды. Партия төрағасы Әли Бектаев пен Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәулет­керей Кәпұлы, Анна Данченко, Аян Зейнуллин, Ілияс Досхожаев Атырау облысы Махам­бет ауданының тұрғындарымен, кәсіпкерлерімен кездесті.

«Ауыл» партиясының делегациясы бірден Махамбет ауданында орналасқан «Сарайшық» ЖШС-ға ат басын тіреп, серіктестік ұжымымен кездесті. Асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысатын шаруашылық – осы саладағы өнеркәсіптік типтегі екі ірі кәсіпорынның бірі. Шаруашылықтың түрлі өнім шығаратын өңдеу-шығару орталығы бар. Ферманы «Ауыл» партиясынан Мәжіліс де­путаттығына кандидат Тамила Розметова бас­қа­рады. Ондаған жыл бұрын қайта құрылып, заманауи қалыпқа келтірілген ферма бүгінде үлкен кешенге айналып отыр.

«Бұл – еңбек адамының нәтижелі жұмысының көрсеткіші. Осындай адамдардың төккен тері мемлекет тарапынан ескеріліп, құрметтеліп отырса, халықтың ауыл шаруашылығына, агробизнеске деген ынтасы артар еді. «Ауыл» партиясының мақсаты – ауыл бизнесін дамытуда жіберілген олқылықтардың орнын толтыру. Біз Парламент Мәжілісіне барғанда бел шеше кірісетін және белсене көтеретін басты мәселеміздің бірі әрі бірегейі – бүгінде құны түсіп, қадірі кеткен еңбек адамына деген құрметті бұрынғы деңгейіне қайтару», деді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Заманауи технология арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізген ешкі фермасы партия мен оның сайлауалды бағдарламасының құрметіне ешкі сүтінен жасалған, қаптамасына партияның «Ауыл төрге шықсын!» атты бағдарламасы жа­зылған ірімшіктің жаңа топтамасын шығарды. Ол сол сәттен бастап Атырау облысының бүкіл дүкеніне сатылымға шығарылды.

Атырау облысы – мұнайлы, өнеркәсібі дамыған өлке болуымен қатар ауыл шаруашылығын да алдыңғы орынға шығарған аймақ. Өңір халқының агробизнеске деген қызығушылығы жоғары. Сарайшықта өте қызықты тәжірибе жасалып, өте жақсы нәтижеге қол жеткізген. Мұнда лимон өсіретін және содан ауыз толтырып айтарлықтай табыс табатын жылыжай бар. Мұны шағын шаруашылықтар үшін нәтижелі тәжірибе ретінде таратуға әбден болады.

«Ауыл» партиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Николай Арсютин, Қайрат Айтуғанов, Жигули Дайрабаев, Аян Зейнуллин және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Павлодар қаласында «Локомотив жөндеу зауыты» мен «Андас Agro» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

«Локомотив жөндеу зауыты» ЖШС жұмыс­шы­­ларымен жүздесу аталған серіктестіктің өнді­­рістік цехында өтті. Жиынға кәсіпорынның 100-ге­ жуық жұмысшысы қатысты. Бұл кезде­су­ «Ауыл» еңбек адамының мәртебесі үшін кү­ре­се­ді!­» тақырыбында өтті.

«Елімізде қарапайым жұмысшыны құр­мет­теу де­ген түсінік бүгінде құнсызданып кет­ті.­ «Адам­ды адам еткен – еңбек» десек, қо­ғам­дық қаты­нас­тар өзгерген қазіргі кезде біз на­ғыз еңбек ада­мы деп кім­ді бағалап жүрміз? Біз­де кімнің та­мыр-танысы­ көп, соның жолы бол­ғыш. Кім пы­сық болады, соның жағдайы жақ­сы. Біздіңше, ең­бек адамы­ де­геніміз, ең­ алдымен, таза жұмыс іс­тейтін, та­бы­­сын маң­дай терімен табатын адал жан. Таң ат­қаннан күн­ батқанға дейін тыным тап­пай тер тө­гетін жұ­мыс­шы қауымы мына сіз­дер. Жаздың ші­ліңгір ыс­тығы мен қыстың қа­қа­ған аязында ашық ас­пан астында бел жазбай ең­бек ететін шаруалар.­ Өкінішке қарай, бізде ең­бек адамдарын бағалау жетіспейді. Қызметіне адал жұмысшы кез кел­ген салада болуы керек. Се­бе­­бі, еңбек адамы әлеу­меттік құрылымдардың м­а­­ңызды бөлшегіне ай­налуға тиіс. «Ауыл» пар­тия­­сының сайлауал­ды­ бағдарламасында еңбек ада­­мына ерекше құ­қық­тық­ мәртебе беруге қол жет­­кізу керектігі тайға таң­ба басқандай анық жа­­зы­лған. Партияның мақ­са­ты – қарапайым ең­­бек­ адамының мәртебесін қай­тару. Бұл мә­се­ле сіз­ бен біз тізе біріктіргенде ғана­ қолға алы­на­ды.­ Он­даған жыл бойы сіресіп қат­қан сеңнің кө­бесі сіз­дердің қолдауларыңызбен Мә­жі­ліске бар­ғанда ғана сөгіледі», деді кәсіпорын жұ­мыс­шы­лары алдында сөз алған кандидат Жигули Дай­рабаев.

«Андас Agro» ЖШС жұмысшы ұжымымен кез­­десуде Николай Арсютин: «Ауыл» пар­тия­сының не­­гі­згі мақсаттарының бірі – еңбек ада­мының қа­ді­­рін арттырып, мәртебесін кө­те­ру. Сондай-ақ олар­­ға ауыл шаруашылығы өн­дірушілері ретінде артық­­шылықтар бере отырып, «ел асыраушысын» қастерлеуді қалыптастыру», деді.

Соңғы жаңалықтар