#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік кодекс нормалары түсіндірілуде

Түркістан облысының аудан, қалаларында ҚР «Әлеуметтік Кодексі» нормаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кезекті жиын Сауран ауданында ұйымдастырылды. Онда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік Кодексі» нормалары туралы жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, жиында АӘК алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау жөнінде ақпарат ұсынылды.

Бүгінде елімізде аз қамтылған отбасылардан шыққан 445 мыңға жуық адамға мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек түрінде қолдау көрсетіледі. 2020 жылдан бері мұндай отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік пен тұрмыстық зат ретінде кепілдік берілген әлеуметтік топтама беріліп келді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында АӘК алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап заттай түрден монетизациялау (ақшалай) түріне ауыстырылды. Мектепке дейінгі жастағы 114 мың балаға атаулы әлеуметтік көмекке қосымша ай сайын 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде қаржылай көмек ұйымдастырылды. Түркістан облысы бойынша 37302 балаға 564,3 млн теңге төленді. Бұл бастама ата-аналарға балалардың жеке сұранысына қарай қажетті заттарды алуға мүмкіндік береді.
Жиында азаматтарға АӘК алушыларды жұмысқа тарту, халықты жұмыспен қамту, көші-қон саласын реттеудің жаңа тәсілдері, еңбек делдалдығын дамыту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет саласына тарту және осы сынды мәлімметтермен таныстырылды.
Арнайы жұмысшы топтың мұндай кездесуі Арыс қаласында жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар