#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Түлкібастық жас кәсіпкер таңқурай шаруашылығын дамытып, кірісін арттыра түсуде

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Элмира Сағынбек таңқурай шаруашылығын дамытып жатыр, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

22 жастағы жас кәсіпкер жаңа бизнес-идеясын ұсынып, «Бастау бизнес» жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанған. 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге көлемінде тиісті қайтарымсыз қаражат алып, бүгінде раушангүлдер тұқымдасына жататын сондай-ақ жартылай бұталы көпжылдық өсімдіктерді өсіруде.
Жалпы Түркістан облысында таңқурай өсіру кәсібімен шұғылданатындардың қатары көп емес. Ал, бұл бастамасын Элмира болашақта одан әрі жандандырып, адам денсаулығына пайдалы, ағзаға қажетті дәрумендерге бай жемістің көлемін ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Таңқурайдың пісу кезеңі шілде, тамыз айлары болса, Түлкібас ауданындағы жас кәсіпкер Сағынбек Элмираның бақшасындағы жеміске бүгінде сұраныста арта түскен.
Айта кетейік, таңқурайдың құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар мен түрлі дәрумендер, калий, мырыш, фосфор, кальций, йод, цинк, хром және хош иісті заттар бар. Халықтық медицинада оны ежелден бері ем-дом үшін пайдаланады.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер жандардың қатары артты. Былтыр «Бастау бизнес» жобасы бойынша төрт жүздей адам бизнестің қыр-сырын меңгерді. Жеке ісін ашуға талаптанған аудан тұрғындарына барлығы 1 млрд 343 миллион теңге несие берілді. Несие алып кәсібін бастаған азаматтар жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отыр.

Соның ішінде Жеке кәсібін дамытуға бел буған ерекше көзге түскен «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Турабек Бақдаулет Асланбекұлы. Бұрын ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін су жаңа ауыл шаруашылық техникасын алуды армандапты. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның көмегімен осы арманын ойдағыдай іске асырды. Әуелі, «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдірді. «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқа «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын. Азғана уақыт ішінде қомақты қаржыға ие болып, «Агротехника» бағдарламасы аясында су жаңа екі ауыл шаруашылық техникасына ие болды. Бүгінде 3 азаматты жұмыспен қамтып, ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізуде. Бақдаулет алдағы уақытта шаруасының қарқынды дамуына, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізуге жұмыс істемек.

Соңғы жаңалықтар