Одан бөлек, жекеше әріптеспен тамақтандырудың барлық кезендерін бақылауға мүмкіндік беретін авторлық құқық зияткерлік меншік «Е-асхана» онлайн бейнебақылау бағдарламасы іске қосылған. Басқармамен және қажеттілік туындағанда қызмет алушылардың ата-аналарымен, заңды өкілдерімен тамақтандыру процессін онлайн бақылау жүргізуге қол жеткізілді.
Екі жылдан астам мерзімде жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобасының оң нәтижелерін, асханалардың материалдық-техникалық жабдықтауына жекеше әріптестің жеке инвестициялары жұмсалуы есебінен облыстық бюджеттің жүктемесі төмендеуін ескере келе, Басқармаға қарасты қалған 8 мекеменің тамақтандыру қызметін (жыл бойы 5 240 қызмет алушы тамақтандырылады) бәсекелестің ортаға ауыстыру жоспарлануда.
2018 жылы облыстың орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты бірқатар мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін әлеуметтік нысанадар Шымкент қаласының теңгеріміне берілді (психоневрологиялық аурулары бар ересек мүгедектігі бар адамдарға арналған – 2 орталық, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектігі бар балаларға арналған – 2 орталық).
Осыған және облыстағы мүгедектігі бар адамдардың санын ескере келе, 2019 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп жалғызбасты қарттармен мүгедектігі бар адамдарға, балаларға арналған 7 нысан құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, 2021 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынған.
ЖСҚ-сы дайындалған 7-і нысанның біреуі «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» 200 орындық заманауи ересек мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы енгізілген. 2021-2022 жылдары республикалық және облыстық бюджеттерден (РБ — 2 306,6 млн.теңге, ОБ — 256,3 млн.теңге) қаржы бөлініп, 2021 жылдың қыркүйек айында өтпелі құрылыс басталған (орналасқан мекен-жайы: Сауран ауданы, Ораңғай ауылы). Мердігер — «Шымкент Құрылыс» ЖШС-гі. Құрылыстың жалпы құны 2 562,9 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары мен құрал жабдықтарды сатып алу жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес құрылыс ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.
2023 жылы республикалық бюджеттен 1 478,6 млн.теңге бөлініп, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Оранғай ауылындағы 50 төсек орынға арналған психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы 2023 жылдың шілде айында басталған. Мердігер — «KAZ Intel Group» ЖШС-гі. Құрылыстың жалпы құны –3 009,2 млн. теңге, аяқталуы — 2024 жылдың 3-тоқсаны деп жоспарланған.
Облыста 186 мыңнан астам зейнеткерлер бар. Жыл сайын жекелеген санаттағы 7 800 азаматты сауықтыру қызметтерін басқармаға қарасты екі мекеме арқылы көрсетілуде («Ардагерлер үйі, «Мейір ардагерлер үйі»).
Шымкент қаласында орналасқан «Ардагерлер үйі» әр жолданымына 200 зейнеткерден жылына 4 000 зейнеткерді қабылдайды.
«Ардагерлер үйі» КММ-нің ғимараты 1989 жылы салынған (жалпы алаңы 4 471,5м2). Бүгінгі таңға ғимарат күрделі жөндеуді қажет етуіне және Шымкент қаласында орналасқандығын ескере келе, Түркістан облысы, Сайрам ауданының аумағында орналасқан қолайлы заманауи ғимаратқа көшіру көзделуде.