#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Skills Enbek платформасында «Күміс жас» жобасы бойынша оқыту қолжетімді

Skills Enbek (https://skills.enbek.kz/) платформасында «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар тегін білім алып, одан әрі жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды игере алады.

Skills Enbek платформасында «Күміс жас» атты қосымша бет бар, онда барлық қол жетімді курстардың тізімі орналастырылған. Қазіргі уақытта маркетинг, туризм, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша 100-ден астам курс ұсынылды.

Азаматтар оқу тілін және материалды ұсынудың ыңғайлы принципін таңдай алады, сонымен қатар оқу барысын бақылау мүмкіндігі бар.

Пайдаланушылар үшін дағдыларды игергені туралы сертификат беру көзделген, Электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) түйіндемеде барлық игерген дағдылары туралы ақпарттар автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші жұмыс іздеушінің түйіндемесінен сертификаттар мен алған дағдыларын көреді.

Жақын арада «Күміс университеті» жобасы аясында жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық арқылы ұсынылатын курстар желісін кеңейту жоспарлануда.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтіледі. Оған 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия (бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) көп емес) ала отырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Бұл ретте жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды.

2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіледі, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылады.

Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Сонымен қатар жоба аясында «жеке көмекші» және «әлеуметтік қызметкер» кәсіптері бойынша жұмыс орнын алу мүмкіндігі пайда болады.

«Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен жыл сайын кемінде 15 мың адамды қамту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар