Астанада Қазақстанның HR менеджерлер қауымдастығының ұйымдастырумен «HUMAN Capital FORUM-2023/Интеграция жалғасуда» атты форумы өтуде. Онда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен жақын және алыс шет елдердің сарапшылары еңбек нарығы мен адами капиталды дамыту мәселелерін талқылады.
Форумды ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Министрдің атынан құттықтау хатын оқып берді.
«Адами капитал – кез-келген мемлекет үшін басты қозғаушы күш пен негіз. Бүгін ұйымдастырылған форум бізді ортақ іс төңірегінде біріктіруге, сол арқылы пікір алмасу, білім және өзара ынтымақтастық алаңын қалыптастыруға арналған. Диалог алаңын өткізу қорытындысы бойынша цифрлық дәуір жағдайында еңбек нарығын, оның ішінде HR саласын трансформациялауға бағытталған сындарлы ұсыныстар әзірленетініне сенімдімін», – деді ол.
Сондай-ақ, Олжас Ордабаев өз сөзінде жұмыс орындарын және еңбек ресурстарының сапасын арттыру жұмыспен қамту саясатының жаңа бағыты екенін атап өтті.
Сапалы жұмыс орны деп лайықты еңбекақы төлеуді, тұрақты жұмыспен қамтуды, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін (медициналық және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде төлемдер), жұмыс орнындағы қауіпсіздікті (еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға бағдарланған модель енгізу) қамтамасыз етуді айтады.
Жұмыс ресурстарының сапасын арттыруға: 2030 жылға қарай кәсіптердің 100% кәсіптік стандарттармен қамтуды, кадрларды даярлау кезінде білім беру жүйесінде кәсіптік стандарттарды қолдану, мамандардың кәсіптік дағдыларын тәуелсіз сертификаттауды көздейтін ұлттық біліктілік жүйесін дамыту есебінен қол жеткізіледі.
«Жоғары білікті мамандарды даярлау мен қауіпсіз жұмыс орындарын құру бойынша Үкімет жұмыс берушілермен әлеуметтік маңызды жұмысты атқаруда», – деді вице-министр.
«HUMAN Capital FORUM – 2023 / Интеграция жалғасуда» – әртүрлі салалар мен елдердің өкілдері арасында білім мен тәжірибе алмасуға арналған алаң.
Форум барысында HR және адами ресурстар мен дағдыларды дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылар мынадай түйінді тақырыптарды қарайтын болады: еңбек нарығының деформациясы және апат ауқымы; мемлекет, бизнес және адамдар; адам құқықтары және жұмыскер құқықтары; жетекші әлемдік талдау орталықтарының HR трендтері бойынша зерттеулері; еңбек қақтығыстарын шешу жолдары: employee relations/industrial relations рөлі; кадр жетіспеушілігі пен тапшылығы: қалай тартуға, ұстауға және дамытуға болады?; неліктен жаңа ұрпақ тезірек күйіп кетеді?; әл-ауқат бағдарламаларын қалай дамытуға және қолдауға болады?; HR кәсіби және жеке даму практикасы.