Қызметкерлер құжатқа Портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.
Бұрын еңбек шарттары қағазда жасалып, олар туралы ақпаратты кадр қызметтері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілерге қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана отырып, Порталда, оның ішінде «Еңбек шарттары» бөлімінде құжаттың жобасын жасауға немесе шарттың жеке файлын жүктеп, жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жіберуге мүмкіндік беріледі.
Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді. Қосымшаны AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.
«Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда, оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильдік қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электрондық еңбек шарты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қол жетімді болады. Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.