#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім.

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау камералары орнатылғанын тағы да хабарлай отырып, игі бастаманың негізгі мән-маңызын құнттадым. Бұл бейнекамералар арқылы Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойында қылмыстың алдын алуда, оны ашуда және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау бойынша жұмыс атқарады.
Осыған дейін 479 бейнебақылау арқылы бір тәулікте 1000-ға дейін әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, қазір 1500 бейнебақылау арқылы бұл көрсеткіш 2500-3000-ға дейін артқанын айттым.
Полиция қызметкерлері бейнекамералар арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті мекенжайға GPS навигация жүйесі арқылы жақын жүрген полицияның экипаждарын құқық бұзушыға әкімшілік хаттама рәсімеу үшін жолдайды.
Ал, 100 көше қиылыстарына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 877 бейнебақылау және көше желілеріне 800 бейнебақылау жүйелері орнатылып, яғни жалпы 1677 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда.
2021 жылдың 11 айында Жедел басқару орталығының 1500 бейнекамерасының көмегімен 288 қылмыс (өткен жылы – 200) ашылған. Сонымен қатар, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 48823 жайт (өткен жылы – 37627) анықталғанын атап өттім.
Басқосу барысында, журналистер қауымы аталған ауқымды тақырыпқа қатысты сұрақтарын жолдап, сауалдарға жауаптар алды. Өз кезегінде БАҚ өкілдері бұл игі бастаманы қолдап, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Осы орайда, Шымкент — қауіпсіз қала болуы бағытындағы жоба-жоспарларды жұмыла жүзеге асыру қажет екенімізді ұмытпайық дегім келеді.

Соңғы жаңалықтар