#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қытай Күнді бақылайтын алғашқы Жер серігін ұшырды

Қытай Күн энергиясын зерттеу үшін алғашқы спутнигін сәтті ұшырды.

Қытай Күн энергиясын зерттеу үшін алғашқы спутнигін сәтті ұшырды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Спутник елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясы Тайюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-2D» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Ол орбитаға сәтті көтерілген.

China has launched its first #solar exploration satellite into space with a solar space telescope on board. Named after the Goddess of the Sun in ancient Chinese mythology, Xihe, the satellite ushers in an era of solar observation for China. pic.twitter.com/DCG8JLsht0

— Zheng Zeguang (@AmbZhengZeguang) October 14, 2021

Күн радиациясының спектрлік кескіндеріне алғаш ғарыштық зерттеу жүргізетін Жер серігі Қытайдың Күн энергиясын зерттеу саласындағы мүмкіндіктерін дамытады деп жоспарланып отыр.

Жер серігі ғылыми жүктеме ретінде күн ғарыштық телескопымен 517 шақырым биіктегі Күн-синхронды орбитасында жұмыс істейді. Бұл зерттеушілерге Күннің шығуы кезінде өзгеруін, мысалы, атмосфераның температурасы мен жылдамдығының өзгеруін байқауға көмектеседі.

🌞The Sun! We’re coming. #China launched its first solar observation satellite on Thursday from Taiyuan Satellite Launch Center. The 550-kilogram satellite is equipped with China’s first solar telescope in space. pic.twitter.com/Ah2vJbTzHt

— Chinese Embassy in Sri Lanka (@ChinaEmbSL) October 14, 2021

Осы зымыран тасығыштың құрамында ғарышқа 10 шағын Жер серік жіберілді.

Бұған дейін Қытай соңғы 5 жылда алғаш рет халықаралық ғарыш станциясының аналогы — қазір салынып жатқан Тяньхэ модульдік ғарыш станциясында жұмыс істеу үшін ғарышкерлерді ғарышқа жіберген.

Соңғы жаңалықтар