#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Паралимпиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарда алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарда алғашқы алтын медалін жеңіп алды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Оны Давид Дегтярев 54 келі салмақ дәрежесінде парапауэрлифтингтен алды.

Қазақстандық паралимпиадашы бірінші мүмкіндігінде 170 келі, екіншісінде — 172, үшіншісінде — 174 келі көтерді.

Дегтярев — 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар, ол 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орын иеленді. Ең жақсы мүмкіндігінде ол 83 келіні көтере алды.

Соңғы жаңалықтар