Қостанай облысында шекарашылар бір күн ішінде заңсыз жолмен шекара аспақ болған екі адамды ұстады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Екі жағдайда да шетел азаматтары түн жасырынып шекарадан заңсыз өтуді мақсат еткен. Алайда шекарашылар тәулігіне 24 сағат қырағы күзетте тұр», деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.