Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Күдіктілердің бірінің ауласында 21, екішісінен 4 дана «сора» өсімдігі табылып, тәркіленді. Қазір құрамында есірткі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру дерегімен 1970 және 1978 жылы туған екі азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», дейді Қамза Үмбетқалиев.