#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлескен жобаларды талқылады

Түркістан облысының әкімі мен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

Түркістан облысының әкімі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жобаларды талқылады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласында бірқатар жобаларды іске асыруда.
Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы бірлескен бастамалар арасында инклюзияны қолдау ресурстық кабинетін жабдықтау, көпфункционалды спорт кешендерін салу, «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу және басқа да бірқатар жобалар талқыланды.
Өңір басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры Түркістандағы бірнеше маңызды әлеуметтік-маңызды нысандардың құрылысын қамтамасыз етті.
«Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында қор еліміздің рухани астанасының дамуына үлкен үлес қосты», — деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Самұрық-Қазына» қоры бес әлеуметтік маңызды нысанды облыс әкімдігіне тегін берген болатын: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта»АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.
2019 жылы қордың компаниялар тобы Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Атап айтсақ, 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны жөнделіп, салынды, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, теміржол вокзалы, даңқ аллеясы және орталық алаң.

Соңғы жаңалықтар