Қазақстанда шығу тегі белгісіз монолит табылды. Ол бұған дейін АҚШ пен Румынияда анықталған тастарға ұқсайды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Басылым жариялаған суретте Шарын шатқалындағы үшбұрышты ерекше металл нысаны түсірілген.
«Қазақстанда монолиттің қайдан шыққаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр», — делінген мақалада.
Әлемнің әртүрлі елінде 2020 жылдың қарашасында жұмбақ металл монолиттер пайда бола бастады. Сол кезде Юта шөлінде Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері биіктігі үш метрге жуық металл монолитті тапқан.
The @UtahDPS helicopter was assisting the @UtahDWR in counting bighorn sheep in remote southern Utah Wednesday when the crew encountered something entirely ‘out of this world’…@KSL5TV #KSLTV #Utah
Photojournalist: @Photog_Steve5 pic.twitter.com/f8P0fayDIS
— Andrew Adams (@AndrewAdamsKSL) November 21, 2020
Содан кейін ұқсас нысандар Румыния, Ұлыбритания, Нидерланды, Колумбия, Испания аумағында табылды.