Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде суррогат алкоголь өнімін өндіретін 4 жасырын цех қызметінің жолын кесті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленгені хабарланды. Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленген.
«Шымкент бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Үш дерек бойынша ҚР ҚК-тің 233-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, бір дерек бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды», — делінген хабарламада.