#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының тауларында тағы бір адам өлі табылды

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды.

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Мүрдені тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.
Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылды.

Еске салайық, 25 мамырда сағат 18.30-да «112» пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.

ҚР ТЖМ өкілдері барша адамға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар