Бүгін Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен«Nur Otan» партиясыШымкент қалалық филиалының аппараты мен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 негізгі мәселе, атап айтсақ партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттері, фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттері, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жұмысын жандандыру туралымәселелер қаралды.
Жиын барысында Партияның Мәслихаттағы фракциясының жұмысын барынша күшейту және қалалық партия филиалы аппаратымен тығыз байланысты нығайтужолдары талқыланып, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен халықтың талап-тілегін қанағаттандырутетіктері ортаға салынды.
Мәжілісте қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары МұратәліҚалмұратовтыңПартияның аймақтықфилиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттерін баяндап, әрбір фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейтумәселелері мен нұротандықтардың халықпен жүйелі және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заманауи рейтингтік технологияларды енгізудегіжаңашылдықтармен таныстырды.
Сондай-ақ, Фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттеріне тоқталған партиялық бақылау инспекторыБағдат ИскаковШымкент қалалық мәслихатындағы 30 депутаттың 23-і «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі екендігін жеткізіп, фракция мүшелерінің негізгі функциялары мен құзыреттіліктерін баяндады.
Кеңейтілген мәжіліс соңындаШымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар ӘлібекқызыПартия алдында сайлау алды бағдарламада көрсетілген 149 іс-шараны сапалы орындау, стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және іске асыру міндеті тұрғанын жеткізіп, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісіне және мүшелеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді.