Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингтінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ауыл тұрғындарының мәселесіне байланысты сауалға жауап берді, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Ө.Шөкеев бұл мәселе үкіметтік деңгейде шешілгенін атап өтті. Екі ел арасында тиісті хаттама жасалды, одан кейін Үкіметтің қаулысы шықты. Қазіргі кезде аудан елді мекендегі жерді пайдалану тәртібін орнатуда, яғни жергілікті тұрғындардың барлық мәселесі шешіледі. Бәріне өз жеріне тиісті құжаттар беріледі. Сонымен қатар, шілде айында екі елді мекен де толыққанды газбен қамтамасыз етіледі.