#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстандағы орташа зейнетақы аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар-мамырында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 774,8 миллиард теңге бөлінген.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 243 мың адам болған.

«Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 100 019 теңге болды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі — МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды, кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74 пайызы, 30 жыл — күнкөріс құнының 94 пайызы болады. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100 пайыз жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Айта кетейік, мамырда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін ескере отырып) 100 мың теңге болған еді.

Соңғы жаңалықтар