#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

14 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы екі өткізу пункті мерекеге байланысты уақытша жабылады.

14 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы екі өткізу пункті мерекеге байланысты уақытша жабылады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қытай тарапының «Дуань-У» (айдаһар қайықтары мейрамы) мерекесін мерекелуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің негізінде 2021 жылғы 14 маусымда «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді«, — делінген хабарламада.

ҰҚК өкілдері қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автомобиль пункті («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») жұмыс істейтінін, карантин шектеулеріне байланысты олар арқылы тек жүктер мен тауарлар өткізілетінін еске салды.

«Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдарының қозғалыс бағдарларын алдын ала түзету үшін хабарлаймыз», — деді ҰҚК өкілдері.

Соңғы жаңалықтар