#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Полицейлерге жаңа лауазым енгізіледі

Елімізде учаскелік инспектор көмекшісі лауазымы енгізіледі.

Елімізде учаскелік инспектор көмекшісі лауазымы енгізіледі. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу. Бұл жерде учаскелік полиция инспекторларының маңызы зор. Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру туралы тапсырма берді. Олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейтіп, заңға өзгертулер енгізілуде», деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта ауылдарда учаскелік инспекторлар жетіспейді. Кей жерде 3-4 ауылға бір қызметкер жауапты болып жүр.

«Осыған байланысты, ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге учаскелік пункттер салу жоспарлануда. Өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде учаскелік пунктер қызметкерлер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады», деді Ерлан Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар