Қажымұқанның 150 жылдығына арналған қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің жеңімпаздары анықталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
27-30 мамыр аралығында Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атыңдағы «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогі өтті.
Аталмыш жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыстан 342 спортшы қатысты.
Жарысты тамашалауға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келді.
Жалпы жекелей есепте бірінші орынды Жамбыл облысы (5 алтын, 6 күміс, 5 қола), екінші орынды Атырау облысы (2 алтын, 1 қола), үшінші орынды «Qazaq kuresi» ассоцияциясы (2 алтын) иеленді.
Командалық есепте Атырау облысы жеңімпаз аталды. Екінші орынды Алматы қаласы, ал үшінші орынды Жамбыл және Қызылорда облыстары бөлісті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты — Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын спорттық іс-шарамен атап өту; Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық бірегейлікті сақтап одан әрі бекіту үшін қазақ күресін дамытып насихаттау. Сондай-ақ ұлттық спортпен шұғылдану арқылы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеу және бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың достық пен өзара татулық қатынастарын нығайтуды көздейді.
«Qazaq kuresi» республикалық Ассоциациациясының Президенті — Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов.