Қазақстанда 25 мамырда бір тәулікте 23 адам қайтыс болды, 166 науқастың жағдайы ауыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
27 мамырдағы жағдай бойынша, 30 872 адам коронавирус инфекциясынан (30 297 КВИ+ және 575 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 11 724 науқас стационарда, 19 148 науқас амбулаторлық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 682 адамның жағдайы ауыр,
• 166 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.