Балқаш көлінде жүргізілген браконьерлерге қарсы арнайы операция кезінде 6 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды ADYM.K Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері балықты заңсыз аулағандардан 200 шақырымнан астам ау табылғанын айтты. Бұдан бөлек, браконьерлерден 4 қайық тәркіленді.
Осы деректердің негізінде Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал заңсыз ауланған балықты саудаламақ болғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.