#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы елшісі ауысты

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сансызбайұлы Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды».

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сансызбайұлы Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Ержан Сансызбайұлы 1978 жылы 8 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еуропалық халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (Брюссель қ.) халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Әділет басқармасының сот приставы лауазымынан бастады, әрі қарай ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінде жұмысын жалғастырды.

Өзінің дипломатиялық мансабын 2001 жылы ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің атташесі лауазымынан бастаған. 2002 жылдан 2005 жылға дейін ҚР СІМ Аппараты Заң бөлімінің үшінші хатшысы лауазымынан бөлім бастығына дейін көтерілді. 2005-2007 жылдары – Мемлекеттік тіл және заң сараптамасы басқармасының бастығы. 2007 жылы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін 2009 жылы департаментті басқарды. 2010-2015 жылдары Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді. 2016 жылдан 2019 жылға дейін ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментін басқарды.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылдан бастап Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Соңғы жаңалықтар