Елордадағы Astana Garden School мектебіне жарылғыш зат қойылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Бүгін сағат 11:32-де Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне қала мектептерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр дәл осындай 10 қылмыс тіркелген.
«Полиция қызметкерлері барлық қылмыскерлерді анықтады. Аталған фактілер бойынша ұсталғандар әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», деп толықтырды департамент өкілдері.