#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті

Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті.

Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметтері бойынша, бес жасар ұл бала Павлодар қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Бала құлаған пәтер үшінші қабатта орналасқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараттарына сәйкес, жедел жәрдем бригадасы баланы Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізген, реаниматолог науқаспен бірге жүрген.

Дәрігерлер балаға компьютерлік томография жасады. Бала ми жарақатын алған. Суреттерге сүйене отырып, науқасқа бас сүйегінің негізіндегі жабық сынық диагнозы қойылды.

Соңғы жаңалықтар