Қазір жарақат алған 70 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар мерт болғандардың саны тағы артуы мүмкін дейді. Өйткені қирандылар астында тағы адамдар болуы ықтимал, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Мексиканың бұқаралық ақпарат құралдары осыдан бірнеше жыл бұрын құлаған метро көпірі пайдалануға жарамсыз екенін жарыса жазған еді. Жергілікті тұрғындар да шағымданған болатын. Мәселен, 2017 жылы болған жер сілкінісінен кейін көпір жарыла бастаған. Алайда биліктің екі мәрте жүргізген тексеруінен кейін еш ақау табылмады. Енді ел президенті шетелдік сарапшылармен әділ тергеу жүргізуге уәде берді.
Еске сала кетейік, апат 3 мамырда болды. Метро көпірі жолаушылар отырған пойызбен бірге құлаған. Мексикада қайғылы оқиғаға байланысты 3 күн аза тұту күні деп жарияланды.