Алматы қаласы ПД өкілдері кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр. Видеода самокат айдап бара жатқан қыз бен жігіт баланы қағып, кетіп қалғаны көрсетілген, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Бүгінде бұл деректі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Баланы қағып кеткен адам міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Тиісті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз өкілі.