#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Оралда пара алған басқарма басшысына қатысты жаңа дерек шықты

Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қайыповқа қатысты қылмыстық іс сотқа қайта берілді.

Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қайыповқа қатысты қылмыстық іс сотқа қайта берілді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

2020 жылдың тамыз айында басқарма басшысы Қайыпов атқарылған жұмыстарды қабылдап, медициналық жабдықтарды кедергісіз қабылдағаны үшін жалпы соманың 10 пайызын яғни 7,8 миллион теңге талап еткен. Биыл қаңтар айында Орал қалалық сотында басқарманың экс-басшысына қатысты іс қайта қаралды. Онымен бірге сотталушылар орындығында оның серіктесі Серік Тұралиев те болды.

Алайда прокурор істі тергеуге қайтару керек деп өтініш білдірді. Себебі тергеу қылмыстық іске қатысы бар тағы бір тұлға – Айдос Себепов пайда болды.

Айыпталушылардың айтуынша, олар Себеповтың нұсқауы бойынша әрекет еткен. Бұған дейін де Болатбек Каюпов пен Серік Тұралиевтің өзі сот талқылауы кезінде үшінші күдікті туралы бірнеше рет айтқан. Куәгер Булекова сотталушылардың сөзі рас екенін тілге тиек етті. Сот отырысында судья Асқар Исмайлов өтінішті қанағаттандырды.

Белгілі болғандай, 27 сәуірде аталған іс екінші рет сотқа берілген. Бұл жолы сотталушылар орындығында екі адам емес, үш адам болады. Олар: Болатбек Каюпов, Серік Тұралиев және Айдос Себепов. Келесі сот судья Найли Жүнісованың төрағалығымен қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар