#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өгей әкесін аяусыз ұрып-соққан ақмолалық ұсталды

Ақмолада полицейлер өгей әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамды ұстады.

Ақмолада полицейлер өгей әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамды ұстады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

24 сәуір күні сағат 21:05-те Қорғалжың ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан ұлы өгей әкесіне дене жарақатын салғаны туралы арыз түседі. Оқиға орнына келген құқық қорғау өкілдері бұрын бірнеше рет істі болған 32 жастаға ер адамды ұстайды. Ол 54 жастағы өгей әкесіне дене жарақатын салғанын анықтады. Нәтижесінде, ер адам орталық ауруханаға «бас терісінің бірнеше рет кесіп-жаншуы, 1-2-дәрежелі гемораггиялық естен тану, кома» диагнозымен жеткізілді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті анасына қонаққа келіп  алкогольдік ішімдік ішкен. Содан соң өгей әкесіне деген бұрынғы реніші есіне түсіп, ағаш орындықпен жәбірленушіні жарақаттаған.

32 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша айып тағылды, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар