Қарағандыда қаладағы қонақүй кешендерінің бірінде заңсыз жұмыс істейтін ойынхана қызметі анықталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Заңсыз ойын бизнесін бес адамнан құралған қылмыстық топ ұйымдастырған.
«Тергеу барысында шамамен екі миллион теңге және бір мың доллар сомасындағы ақша, ойын карталары, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.