Нұр-Сұлтанда 18 жастағы бойжеткен полицияға арызданып, оны белгісіз ер адам алдымен қолынан бір ұялы телефонын, артынша тағы бір телефонын алып, қашып кеткенін айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленуші «Еуразия» сауда ортылығының аялдамасында қасына белгісіз ер адам келіп, қолынан «Самсунг-5» ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткенін айтады. Қасында тұрған ер адам болған жайтты көріп, ұрыны қуып жетіп, тоқтатпақ болған.
«Екеуі сөзге келіспей қалған. Осы сәтте ұры жәбірленуші екінші телефоны — Xiomi A1 маркалы смартфон арқылы біреуге хабарласып тұрғанын көрген. Ол жақын келіп, телефонын қолынан тартып алып, қашып кеткен», — дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Артынша тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол осыған дейін де бірнеше рет сотталған 33 жастағы ер адам болып шыққан.