#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан мұнайшылары вакцинадан бас тартып жатыр — БАҚ

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты.

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, екпе салдырудан бас тарту себептерінің бірі — вахта қызметкерлерінің ауысымға түсер алдында оқшауда болып, сол кезеңде үстемақы алуы.

«Олар іссапарда Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген уақыттан көп уақыт өткізсе жалақыға қосымша ақы алады. Бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімсіз. Өйткені жоғары коэффициенттер болмайды», — дейді Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов.

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл Теңіз кен орнында бірқатар жұмыстардың жүруін тежейді.

Айта кетейік, мұнай өндіруші компания нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар