Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов бөтен мүлікті иемденді немесе жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оған ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлігі 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген. Бұл ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жатады және баптың санкциясы 10 жылдан астам бас бостандығынан айыруды көздейді», деп түсіндірді Ақмола облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Күләш Домалақова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Сүлен Ілиясов ағымдағы жылдың ақпан айының басында өз еркімен жұмыстан кеткен.