#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ashyq жобасы еліміздің тағы үш қаласында енгізіледі

Ashyq жобасы енді Павлодар, Тараз бен Ақтөбеде енгізіледі.

Ashyq жобасы енді Павлодар, Тараз бен Ақтөбеде енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Ashyq қосымшасы  өз нәтижесін беріп келеді. «Атамекен» ҰКП әріптестеріміз күн сайын фитнес-клубтарға келушілер арасында бұрын-соңды covid-пен ауырған адамдардың барын хабарлады. Тіпті қазірдің өзінде осы жобаға қатыспаған басқа да бизнес өкілдері тізімге енгізуді сұрап отыр. ASHYQ жобасын пайдалану картасын кеңейту үшін Павлодар, Тараз және Ақтөбе өңіріне енгізбекпіз. Осылайша фитнес-клубтар, бассейн, боулинг, спа-орталықтар мен компьютер клубтарынан бөлек, жобаға қоғамдық тамақтану мен кинотеатрларды қосу жағы әзірленуде. Міндет – қазіргі қиын жағдайға қарамастан бизнес өкілдеріне жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беру», деп жазды Б. Мусин.

Бұдан соң, ол Ashyq жобасын мемлекеттің қаржыландыруынсыз қолдап, бастама көтерген Виталий Пустовойтенкомен оның ұжымына алғыс айтқан. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Атамекен ҰКП жұмысын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар