Шымкентте 26 наурызда өртсөндірушілер өртенген көлік ішінен жанып кеткен ер адамның денесін тапты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
26 наурызда сағат 20:48-де Әл-Фараби көшесінің бойындағы Сайрам тұрғын үй алабы маңында Toyota Camry 35 маркалы көлігі өртеніп кетті. Өрт 21:02-де оқшауланып, 21:24-те толық сөндірілді.
⠀
Өртенген көліктің ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Өтр шыққан жерге ТЖД-нің тоғыз қызметкері мен екі техникасы, екі өртсөндіру қызметкері жұмылды», — деп хабарлады Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі өкілдері.