27 наурызда Нұр-Сұлтанда «Жер сағаты» акциясы құрметіне 150-ден аса ғимаратты безендіріп тұрған сыртқы жарық өшіріледі, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ертең, 27 наурызда, жаппай «Жер сағаты» акцясы өтеді. Негізгі мақсат-адамдардың назарын планетаның ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам бір сағатқа жарық пен электр құралдарын сөндіреді», — делінген хабарламада.
Орталық екінші жыл қатарынан акцияға еліміздің барлық өңірі қосылғанын айтты.
«20.30-да елорда нысандарының сыртық безендіру жарықтары сөнеді:
- «Астана-Арена»,»Алау» мұз сарайы, «Барыс Арена»,
- «Мәңгілік Ел» монументі (салтанат қақпасы), NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайы, «Астана Опера» опера және балет театры, «Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі»,
- Сарайшық көшесі бойынша М2 және Сығанақ көшесі бойынша М3 көпірі,
- Қазмедиаорталығы, Talan Towers БО, «ҚТЖ» АҚ ғимараты, «Хан Шатыр» сауд, Ailand, Mega Silk Way сауда орталығы, «Сарыарқа» сауда орталығы, ІІМ ғимараты,
- Назарбаев Университеті, «Жекпе-Жек» СК»,
- Ақ Орда » Президентінің резиденциясы»,
- «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлттық мұражай, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы,
- сондай-ақ, 150-ден аса тұрғын үй кешенінде», — делінген хабарламада.
Акцияны ұйымдастырушылар: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы», QazExpoCongress ұлттық компаниясы, Eco Fund Tabigat қоғамдық қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.