#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: сот отырысы басталды

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Sulpak дүкенінің жанындағы ағаштарды отау ісіне қатысты сот отырысы басталды.

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Sulpak дүкенінің жанындағы ағаштарды отау ісіне қатысты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сот алдына Қылмыстық кодекстің 339-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы бойынша айып тағылған кәсіпкер. Бұған дейін полиция өкілдері негізгі күдікті сол аймақты көркейтумен айналысуға келісімшарт жасаған ЖК басшысы, Алматы қаласының тұрғыны екенін хабарлаған болатын.

Іс ашық сот отырысында орыс тілінде қаралып жатыр. Прокурор айыптау актін оқыды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.

Соңғы жаңалықтар