Оралда белгісіз жасөспірім Деркөл ауылы маңындағы жол өткелінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы растады.
«4 наурызда таңғы сағат жетіде Деркөл ауылы маңындағы көпір астынан жас баланың денесі табылды. Шамамен 17 жаста», — деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Полиция өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалы басталғанын хабарлады.
«ҚР ҚК-ның 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір құқық қорғау органы қызметкерлері жасөспірімнің жеке басын анықтап жатыр», — деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.